ФУНЦИОНАЛДЫ ҚОСТІЛДІЛІК

lat: FÝNSIONALDY QOSTİLDİLİK

бір халықта екі тіл қолданатын жағдаятта көрінеді. Мұнда бірінші тіл сол халықтың этникалық тілі, екіншісі арнайы қызметте немесе ерекше қатынас жағдаятында қолданылатын этносүстілік тіл. Мысалы, Үндістанда көне үнді тілі санскрит культтық тіл ретінде, ал хинди халық тілі ретінде қолданылады. Қытайда ву, мин нан т.б. диалектілермен қоса қытай жазба әдеби тілі қолданылады.